"Берілген уәделер орындалмады, террористтер аймақтан шығарылмады"

Президент Ердоған кепілгер елдердің террористтерді қауіпсіз аймақтан шығару уәделерін орындамағанын мәлімдеді.

1302073
"Берілген уәделер орындалмады, террористтер аймақтан шығарылмады"

Президент Режеп Тайып Ердоған бөлшектеуші террор ұйымы YPG/PKK-ны қауіпсіз аймақтан шығару уәделерінің орындалмағанын атап көрсетті.

Президент Ердоған Венгрияға ресми сапары алдында Анкара Эсенбоға әуежайында баспасөз мәслихаты өткізді.

Мәлімдемеде Сирияның солтүстігінде сыртқы күштердің қолдауымен террорлық мемлекет құруға тырысқан YPG/PKK және ДАИШ-ке қарсы жүргізілген Бейбітшілік бұлағы операциясына тоқталған Ердоған «Еліміз Бейбітшілік бұлағы операциясымен 8 жылдан бері жоспарланған опасыз жоспарды 8-9 күндік мерзімде тарқатты» деді.

Президент Ердоған қарым-қатынастардың бұзылатынына қарамастан террористтерге қамқоршылық жасағандар мен жалдамалы қанішерлерді қорғағандарды Түркияның ұмытпайтынын атап көрсетті.

Ердоған Түркия және АҚШ пен Ресей арасында Сирияның солтүстік шығысы үшін жасалған келісім жайлы «YPG/PYD, ДАИШ және PKK-ның осы жерден шегінгенін немесе 120 сағаттың ішінде шегінетінін бізге уәде еткендер мұны орындамады. Сондай-ақ Ресеймен жасаған келіссөздерде 150 сағатлық мерзім аяқталды. Дегенмен аймақтан террористтер шыққан жоқ.

Қазір террористердің Сирия Ұлттық Армиясына шабуылдағанын тілге тиек еткен Ердоған «Бүгін азанда 11 әскер шәйіт болды. Дереу тойтарыс беріліп, террористердің талайы жойылды» деді.

Ердоған «Бағдадидің жұбайына қоса ДНК-сы расталған баласының да болуы біз үшін нәзік бір жағдай. Осы тақырыптағы тергеу жұмыстары да жалғасуда. Қазірге дейін Түркияға кіруіне тыйым салынған ДАИШ-тік саны 76 мың. Шекарадан қайтарылған ДАИШ-тіктер 7 мың 550, түрмелерімізде қамаулы мың 149 ДАИШ-тік террорист бар» деді.



Ұқсас жаңалықтар