Президенттік Жоғары кеңес жиналысы болып өтті

Кеңес жиналысында Фетуллахшы террор ұйымына қарсы жүргізілген тұрақты күрестің табандылықпен жалғасатыны баса айтылды.

1301138
Президенттік Жоғары кеңес жиналысы болып өтті

Коммуникация басқармасы төрағасы Фахреттин Алтун президент Режеп Тайып Ердоған басшылығында кеше жүзеге асқан жиналыспен байланысты мәлімдеме жасады.

Жиналыста Бейбітшілік бұлағы операциясының аймақтық және халықаралық көріністеріне қоса, ФЕТӨ-мен күреc тақырыптарының қолға алынғанын атап көрсеткен Алтун президент Ердоғанның «Түркияның Сирияда заңды бір күрес жүргізгенін» баса айтқанын білдірді.

Алтун президенттің соңғы үш жылдың ішінде Сирияда жүзеге асқан үш маңызды операцияда (Евфрат қалқаны, Зәйтүн бұтағы және Бейбітшілік бұлағы) PKK-YPG және ДАИШ-тен бастап, террор ұйымдарымен күрестің негізгі мақсат екенін айтқанын мәлімдеді.

Алтун босқын мәселесінің салмағын өзі көтерген және террор ұйымдарына қатысу үшін аймаққа келгендердің алдын алған жалғыз елдің Түркия екенін атап көрсетті.

Түркияның негізсіз айыптаулармен бетпе-бет қалғанын мәлімдеген Алтун халықаралық салада Түркияға бағытталған ауыр қысымдардың  Бейбітшілік бұлағы операциясының артынан одан да артқанына назар аударды.

Алтун «Кеңесте сондай-ақ 15 шілде опасыз төңкеріс әрекетінің күдіктісі Фетуллахшы террор ұйымына қарсы жүргізілген күрестің табандылықпен жалғасатыны баса айтылды. Шәйіт пен ардагерлеріміз Алланың рақымшылығымен еске алынып, бұл опасыз террор ұйымымен күресті әлсірететін барлық ұстанымдар мен қимыл-әрекеттер қолға алынды» деді.



Ұқсас жаңалықтар