Түркия кеше Сирияда ДАИШ-тің лидері Әл-Бағдадидің әпкесін ұстады

"Идеологиясы мен тегіне қарамастан Түркия террормен күресін үздіксіз жалғастыруда".

1300266
Түркия кеше Сирияда ДАИШ-тің лидері Әл-Бағдадидің әпкесін ұстады

Коммуникация басқармасы төрағасы Фахреттин Алтун Түркияның кеше кешкі уақытта жасаған операциямен террор ұйымы ДАИШ-тің басшысы Әбубекір Бағдадидің әпкесі Расмия Ауадты ұстағанын растады.

Алтун твиттер парақшасынан жариялаған жаңалықпен байланысты мәлімдемесінде «Идеологиясы мен тегіне қарамастан Түркия террормен күресін үздіксіз жалғастыруда. Бағдадидің әпкесінің ұсталуы террормен күрес операцияларындағы табысымыздың жаңа үлгісі. ДАИШ-пен күрестегі табандылығымыз жайлы Түркияны нысанаға алған көптеген қара пропаганда жасалуда. Түркия террордың әр түрімен күресте басшылығын жалғастыруда» деді.

Ауадтың Сирияда Түрік Қарулы күштері тарапынан жүргізілген Евфрат қалқаны операциясы аймағына кірген Әзезде күйеуі, келіні және 5 баласымен бірге бір контейнерде ұсталғаны білдірілген еді.



Ұқсас жаңалықтар