Республиканың 96 жылдығына орай Анытқабір мыңдаған адамды күтті

Республиканың 96 жылдығына орай Анытқабір 7 жастан 77 жасқа дейін мыңдаған адамға қонақжайлық жасады.

1296616
Республиканың 96 жылдығына орай Анытқабір мыңдаған адамды күтті

Анытқабір президент Режеп Тайып Ердоған басшылығындағы мемлекеттік лауазымдылардың қатысуымен өткен мемлекеттік рәсімнің артынан есіктерін ашты.

Түркияның түкпір-түкпірінен келген азаматтар Ататүріктің мавзолейіне гүл қойып, Анытқабірді аралады.

Түрік байрақтары және қызыл-ақ түсті киімдерімен Ататүріктің мавзолейіне келушілер арасында студенттер, нәрестелерімен жанұялар және қариялар бар болатын.

Анытқабір қолбасшылығында қызмет атқарған әскерлердің мавзолейге көтерілген баспалдақта күзету қызметін алмастыру рәсімі баршаны тәнті етті.



Ұқсас жаңалықтар