Сыртқы істер министрі жапон императорын құттықтады

Министрі Мевлүт Чавушоғлу Жапонияда ресми түрде таққа шыққан император Нарухитоны құттықтады.

1292480
Сыртқы істер министрі жапон императорын құттықтады

Министр Чавушоғлу әлеуметтік медиа арқылы жариялаған құттықтауында «Жапонияның 126-императоры мәртебелі Нарухитоны таққа шығу рәсіміне орай құттықтай отырып, «Рейва» кезеңінің жапон халқы және әлем үшін құт әкелуін тілеймін» деді.

Нарухито әкесі 125-император Акихитоның 1989-2019 жылдары арасында отырған тақты 1 мамыр күні қабылдап алған еді.



Ұқсас жаңалықтар