Түрік әскерлері Телль-Абядта жәрдем пакеттері таратты

Түрік Қызыл жарты ай қоғамы қамтамасыз еткен гуманиатрлық жәрдемдер түрік әскерлері тарапынан таратылды.

1289848
Түрік әскерлері Телль-Абядта жәрдем пакеттері таратты

Түрік әскерлері Бейбітшілік бұлағы операциясы аясында террордан тазаланған Телль-Абяд қаласында гуманитарлық жәрдем материалдары таратты.

Ұлттық Қорғаныс министрлігі Бейбітшілік бұлағы операциясы аясында түрік әскерлерінің Телль-Абядта халыққа жәрдем материалдарын таратқаны жөнінде бейне көрініс жариялады.

Ұлттық Қорғаныс министрлігінің ресми парақшасында жарияланған көріністе PKK/YPG-ден тазаланған Телль-Абяд аймағында түрік әскерінің Түрік Қызыл жарты ай қоғамы тарапынан қамтамасыз етілген материалдардың таратылғаны жөнінде бейне көріністерге орын берілген.

«Сириялық бауырлар, қорықпаңдар, зұлымдық жойылады. Енді барлық жазықсыз балалардың күлімсіреген жүздеріне қарайтын боласыздар!» деген сөздермен бөліскен бейне көріністе түрік әскерлерінің аймақта «сүйіспеншілік пен мейірімділіктің бұлағы екені» атап көрсетілген.



Ұқсас жаңалықтар