Түркиядан Еуроодаққа PKK ескертуі

Түркия бөлшектеуші террор ұйымы PKK-ның шабуылдарына қарсы Еуроодақ елдеріне ескерту жасады.

1288837
Түркиядан Еуроодаққа PKK ескертуі

Сыртқы істер министрлігінің тақырыппен байланысты мәлімдемесінде Түрік Қарулы күштерінің Сирияда Евфрат өзенінің шығысында 9 қазан күні Бейбітшілік бұлағы операциясын бастауымен бөлшектеуші террор ұйымы PKK жақтастарының шеру мен шабуылдарының Еуроодақ елдері мекемелеріне жасалған барлық ескертулерге қарсы жалғасқанына назар аударылды.

Мәлімдемеде «Түрік қоғамының кәсіпорындары мен үйлеріне, мешіттер, өкілеттіктер және өкілеттіктердегі қызметкерлерге жасалған лаңкестік шабуылдарға үн-түнсіз қалу түсінетін жағдай емес. Тиісті елдерден шетелдегі дипломатиялық және консулдық мекемелерімізге қоса азаматтар мен қызметкерлеріміздің жан мен мүлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуді және түрік мүдделерін қорғау мақсатты қабылданған шаралардың арттырылуын қайтадан талап еткенімізді қайталаймыз. Қылмыскерлердің тұтқындалып, құқық мекемелерінің құзыретіне шығарылуын жіті қадағалаймыз» делінді.



Ұқсас жаңалықтар