Сирияның Азез ауданы маңында бір әскер шейіт болды

Залалсыздандырылған террорист саны 342 болды.

1286462
Сирияның Азез ауданы маңында бір әскер шейіт болды
hulusi akar baris pinari1.jpg

Түрік Қарулы күштерінің Сирияда Евфрат өзенінің шығысындағы операциясында тағы бір қайғылы хабар келді.

Сирияның Алеппо қаласына қарасты Азез ауданы маңында бір әскер шейіт болды.

Аймақтағы Түрік Қарулы күштер базасына сепаратистік PKK/PYD бақылауындағы Тель-Рыфаттан шабуыл жасалды.  Снаряд келіп құлаған базадағы 5 әскер жарақат алды.  Жаралы әскерлер Килис қаласындағы ауруханаға жеткізілді.

Ауруханада бір әскер шейіт болып, осылайша Бейбітшілік бұлағы операциясы барысында шейіт болған әскер саны екіге жетті.

Операция шеңберінде залалсыздандырылған террорист саны 342 болды.

Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акар үшінші күні операцияны министрлікте талқылады. «Қазірге дейін 342 террорист залалсыздандырылды» деді ол.

«Бастаған істі бұйырса жақсылап аяқтаймыз» деген министр операция алаңында қамаудағы ДАИШ-тің террористтерінің еркін жіберілмейтінін атап көрсетті.

«Мақсатымыз – Евфраттың шығысында ДАИШ, PKK/PYD-YPG секілді террористтік ұйымдардың болмысын жою, осында бейбітшілік дәлізін қалыптастырып,  еліміздегі сириялық баурларымыздың өз жерлеріне оралуы» деді министр.



Ұқсас жаңалықтар