Шентоп: "Түркияның нысанасы - террор дәлізін жою, бейбітшілік дәлізін орнату"

Чавушоғлу "Бейбітшілік бұлағы" операциясы арқылы аймақтың террористерден тазаланатынын айтты.

1285027
Шентоп: "Түркияның нысанасы - террор дәлізін жою, бейбітшілік дәлізін орнату"
çavuşoğlu.jpg

Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің төрағасы Мұстафа Шентоп "Бейбітшілік бұлағы" операциясының басталғанын білдіріп:

"Түркияның нысанасы - террор дәлізін жою, бейбітшілік дәлізін орнату" деді.

Шентоп әлеуметтік ақпарат желісінен "Бейбітшілік бұлағы" операциясына байланысты мәлімдеме жасады.

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу да "Бейбітшілік бұлағы" операциясына байланысты:

"Операциямыз халықаралық құқық, Біріккен Ұлттар Ұйымы шартының 51-ші бабы және Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің террормен күреске байланысты шешімдерінің қажетіне сай жасалуда" деп көрсетті.

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу:

""Бейбітшілік бұлағы" операциясы арқылы аймақ террористерден тазаланады, Сирияның шекара қауіпсіздігі мен территория тұтастығы қамтамасыз етіледі, босқындар аман-есен елдеріне оралады, аймақта бейбітшілік пен тыныштық орнайды" деп баса дәріптеді.



Ұқсас жаңалықтар