Түрік армиясы Евфраттың шығысында

Бейбітшілік бұлағы операциясының құрлық бөлімі басталды.

1285081
Түрік армиясы Евфраттың шығысында

Түрк әскері елде және аймақта бейбітшілік пен тыныштықты орнату үшін Евфраттың шығысында.

Түрік қарулы күштерінің Сирияда бастаған және PKK/PYD мен  ДАИШ террор ұйымын нысанаға алған Бейбітшілік бұлағы операциясының құрлық бөлімі басталды.

Түрік әскерлері 3 бөлек бағыттан шекараны өтіп, аймақты бақылауға алған террористермен күресті құрлықтан жалғастыра бастады.

Ұлттық Қорғаныс министрлігі жасаған мәлімдемеде «Батыр Түрік қарулы күштеріміз бен Сирия Ұлттық армиясы Бейбітшілік бұлағы операциясы аясында Евфрат өзенінің шығысында құрлықтан операция бастады» делінді.

Операцияның әуе күштерімен басталғанын, президент Режеп Тайып Ердоған жергілікті уақытпен сағат 16:00-да «Түрік қарулы күштері Сирияның солтүстігінде PKK/YPG және ДАИШ террор ұйымына қарсы Бебітшілік бұлағы операциясын бастады» деп жариялаған болатын.

Артынан түрік соғыс ұшақтары 30 шақырым бойынша террористтердің нысаналарын жойған еді.



Ұқсас жаңалықтар