Министр Пакдемирли Буркина-Фасода

Министрі Бекир Пакдемирли Түркия мен Буркина-Фасо Аралас экономикалық комиссия жиналысына қатысты.

1279448
Министр Пакдемирли Буркина-Фасода

Ауылшаруашылығы және орман министрі Бекир Пакдемирли Түркия мен Буркина-Фасо Аралас экономикалық комиссия жиналысына қатысу және екі жақты келіссөздер үшін  ресми сапармен осы елге барды.

Министрлік жасаған мәлімдемеге қарағанда Пакдемирлинің сапары 1-4 қазан күндері аралығын қамтиды. Пакдемирли және Буркина-Фасо Сыртқы істер министрі Алфа Барри Түркия-Буркина-Фасо Аралас экономикалық комиссиясы жиналысына тең төрағалық жасайды.

Жиналыста ауылшаруашылығы, мал шаруашылығы, орман мен су мәселелерінен бастап денсаулық, оқу, қатынас, өнеркәсіп, метеорология сияқты көптеген тақырыпта екі ел арасындағы экономикалық және басқа ынтымақтастық тақырыптары қолға алынады.

Министр Пакдемирли сондай-ақ Буркина-Фасо президенті Рош Критиан Каборе және Премьер-министр Кристоф Жосеф Мария Дабире тарапынан бөлек қабылданады.



Ұқсас жаңалықтар