Президент АҚШ сапары аясында 15 мемлекет және үкімет басшысымен бас қосты

Президент Режеп Тайып Ердоған АҚШ байланыстарын аяқтады.

1276796
Президент АҚШ сапары аясында 15 мемлекет және үкімет басшысымен бас қосты

Президент Режеп Тайып Ердоған БҰҰ Бас ассамблеясы 74-сессиясына қатысу үшін барған АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында 6 мемлекет және 10 үкімет басшысымен бас қосты.

Сапарының алғашқы күнінде АҚШ сенаторы Lindsey Graham-ды қабылдаған Ердоған Шығыс-батыс институты тарапынан ұйымдастырылған дөңгелек үстел жиналысына қатысты.

АҚШ-та президенттік сайлау науқанына қатысқан Дональд Трамппен телефонда әңгімелескен президент Ердоған АҚШ мұсылман қоғамының өкілдерімен қонақасыда бас қосты. Түрік-Американ Ұлттық бағыт беру комитеті тарапынан ұйымдастырылған іс-шарада АҚШ-тағы түрік текті және мұсылман қоғамымен кездесті.

Ердоған сапарының екінші күнінде «Сионизмге қарсы еврей одағы» делегациясын қабылдады.

АҚШ-тағы еврей қоғамының өкілдері мен Нью-Йорктағы еврей азаматтарды қабылдаған президент Бельгия премьер-министрі Чарльз Мишель және Босния-Герцеговина мемлекеттік кеңесі төрағасы Зелико Комшичпен оңаша кездесті.

Ердоған АҚШ президенті Дональд Трамптың делегация басшыларына берген қонақасыға қатысты.

Сапарының соңғы күні Түркия-Пәкістан-Малайзия үштік саммитіне басшылық жасаған президент Хорватия, Ирак, Молдова президенттеріне қоса Ливия, Судан, Грекия және Чехия үкімет басшыларымен бас қосты.

Ердоған Түрік-Американ іскерлер кеңесі тарапынан ұйымдастырылған 10-Түркия инвестиция конференциясы қонақасыда іскерлерге үн қатты.



Ұқсас жаңалықтар