Түркия-Пәкістан БҰҰ Бас ассамблеясы шеңберінде отырыс ұйымдастырды

Президент Режеп Тайып Ердоған мұсылман ел өкілдеріне Ислам дұшпандығы тақырыбында үн қатты.

1276344
Түркия-Пәкістан БҰҰ Бас ассамблеясы шеңберінде отырыс ұйымдастырды

Президент Ердоған Нью-Йоркта Түркия мен Пәкістан ортақ ұйымдастырған «Жек көру сөзімен күрес» тақырыпты жоғары деңгейлі қосымша іс-шарада жасаған баяндамада «жек көру» сөзімен күрестің әрдайым әлеуметтік медиада саясатшылар жасаған мәлімдемелерде әдетке айналғанын атап көрсетті.

Қазіргі таңда жек көру сөзіне ең көп душар болғандардың өкінішке орай мұсылмандар екенін тілге тиек еткен Ердоған мұсылман әйелдердің тек қана таққандары бас орамалға бола көшелер мен базаларда шабуылға ұшырағанына назар аударды.

Ердоған «Жек көру сөзін осы жерден тағы бір рет айыптаймын. Жек көрушілікті еш қандай сөз бостандығы ретінде қабылдамауға тиістіміз» деді.

Президент БҰҰ құрамында «жек көру» сөзімен байланысты ақпараттық база құру жөніндегі көзқарасты қолдағанын білдірді.

«Қазір Азад Кашмир ашық аспан түрмелеріне айналды» деген Ердоған «Барлық мемлекеттік мекемелерде осы тақырыпта (Азад Кашмир) маңызды жауапкершілік түседі. Әрі мемлекет аралық, әрі жаһандық ерекшелікке ие халықаралық қоғамдар алдында жүзеге асқан бастамалар одан ықпалды сатыға жету керек» деді.

Бейбітшілік діні болған Исламды террормен тең көрудің өте үлкен жала жабу және ақлақсыздық екенін атап айтқан Ердоған осындай бір көзқарасты қабылданбайтынын баса айтты.

Ердоған «Түркия ретінде артып отырған Ислам дұшпандығы, нәсілшілдік, жек көру сөздерімен ықпалды түрде күрес жөнінде талпыныстарға басшылық жасауды жалғастырамыз» деді.

Премьер-министр кезінде ресми сапармен барған Израильден Палестинаға өту кезінде шекарада көлік ішінде жарты сағат күттіргендерін түсіндірген Ердоған  «Израиль мемлекетінің премьер-министріне жарасатыны осы. Кімді ұнатса оған есіктері ашылады. Кімді жақтырмаса есіктер жабады. Шынайы емес» деді.



Ұқсас жаңалықтар