Президент Ердоған Нью-Йоркта БҰҰ Бас хатшысымен бас қосты

Президент Ердоған АҚШ сапары аясында кейбір үкімет және мемлекет басшыларымен бас қосты.

1275881
Президент Ердоған Нью-Йоркта БҰҰ Бас хатшысымен бас қосты

БҰҰ Бас ассамблеясының 74 сессиясына қатысу үшін АҚШ-тың Нью-Йорк қаласына барған президент Режеп Тайып Ердоған БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутеррешпен бас қосты.

БҰҰ бас ғимаратындағы кездесу баспасөзге жабық өтті.

БҰҰ-нан жасалған мәлімдемеде «Бас хатшы және президент Ердоған климат өзгерісімен күрес тақырыбында көзқарас алмасып, Сирия, Ливия және Кипрға қоса аймақтық ортақ уайымдарды қолға алды» делінді.

Президент Ердоған Нью-Йоркта Өркениеттер альянсы мен Түрік әуе жолдары арасындағы ынтымақтастық хаттамасына да қол қойды.

БҰҰ Бас ғимаратындағы бағдарламаға президент Ердоғанға қоса БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерреш, Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу, Түрік әуе жолдары Атқару комитеті төрағасы Илкер Авджы және БҰҰ Өркениеттер альянсы жоғары өкілі Мигуэль Моратинос та орын алды.

Президент Ердоған байланыстары аясында Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон мен қасындағы делегацияны қабылдады.

БҰҰ Бас ғимаратында баспасөзге жабық өткен кездесуге Қазына және Қаржы министрі Берат Албайрак, Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акар, Сауда министрі Рухсар Пекджан, Әділет және даму партиясы мәлімдемешісі Өмер Челик, Ұлттық барлау ұйымы төрағасы Хакан Фидан, Коммуникация төрағасы Фахреттин Алтун және президенттік аппараттың баспасөз мәлімдемешісі Ибрахим Калында қатысты.

Ердоған БҰҰ Бас ғимаратында ұйымдастырған кездесу бағдарламасы аясында Катар Әмірі Шейх Тәмим ибн Хамед әл-Сани, Сомали президенті Мұхаммед Абдуллах Фармажо, Албания премьер-министрі Эди Рама мен Парламенттік Одақ төрағасы Габриэль Куэвас Баррон және Италия премьер-министрі Джузеппе Контені қабылдады.

Сапары барысында науқастанған Кувейт Әмірі Шейх Сабах әл-Ахмед Джабир әл-Сабахқа да шипа тіледі. Кездесулер барысында аймақтық мәселелер мен екі жақты ынтымақтастық тақырыптары қолға алынды.



Ұқсас жаңалықтар