Ибрахим Калын Нетаньяхуға наразылық көрсетті

Президенттік аппараттың баспасөз хатшысы президент Ердоғанды сынға алған Нетаньяхуды сынға алды.

1275793
Ибрахим Калын Нетаньяхуға наразылық көрсетті

Президенттік аппараттың баспасөз хатшысы Ибрахим Калын Израиль премьер-министрі Нетаньяхудың президент Ердоғанға бағытталған қауесеттеріне наразылық көрсетті.

Калын твиттер парақшасынан ағылшын тілде жариялаған мәлімдемесінде «Израиль премьер-министрі мазасыз өйткені президент Ердоған Израильдің Палестина жерін басып алғанын және Палестина халқына зұлымдық жасағанын тілге тиек етті. Нетаньяху президент Ердоғанның бейшараларды қорғауды жалғастыратынын жақсы ұғу керек» деді.

Президенттік аппараттың коммуникация басқармасы төрағасы Фахреттин Алтун болса Нетаньяхудың президент Ердоғанға бағытталған сындарға наразылық көрсетті.

Алтун твиттер парақшасында ағылшын тілдегі мәлімдемесінде «Толығымен сыбайлас жемқорлық айыптауларымен күн тәртібінен түспеген Беньямин Нетаньяху тағы бір рет өзінің ішкі мәселелерін басқа бағытқа ауытқуға тырысуда. Уақытыңызды шынын айтқанда сайлауда жеңіске жеткен бір лидерге шабуылдаудың орнына сот процесіңізге жұмсағаныңыз дұрыс емес пе?» деп сұрады.



Ұқсас жаңалықтар