Түрік-американ әскерлері шекарада ортақ күзету қызметін бастады

Сирияда Евфрат өзенінің шығысында екінші «Түрік-американ ортақ күзету қызметі» басталды.

1275122
Түрік-американ әскерлері шекарада ортақ күзету қызметін бастады

Түрік Қарулы күштері мен АҚШ Қарулы күштеріне қарасты әскерлер Сирияда Евфраттың шығысында қауіпсіз аймақ бірінші саты жұмыстары аясында ортақ күзету қызметі екінші рет жүзеге асырды.

Шанлыурфаның Акчакале ауданының 15 шақырым шығысында түрік байрақты 4 сауытты көліктен тұратын Түрік Қарулы күштері керуені ортақ құрлық күзету қызметіне қатысу үшін шекарадан өтіп, АҚШ керуенімен кездесті.

Түрік Қарулы күштері және АҚШ жасақтары Телль-Абяд ауылдық аймағында күзету қызметін бірге жүзеге асырады.

Шекарадағы жаңалықтарды көптеген баспасөз өкілі де қадағалауда.



Ұқсас жаңалықтар