Ердоған ПКК-ға операцияларға дайынбыз деді

Ердоған Сирияның солтүстігінде ПКК-ға бағытталған операцияларға шекара желісіндегі барлық дайындықтардың аяқталғанын айтты.

1273785
Ердоған ПКК-ға операцияларға дайынбыз деді

Президент Режеп Тайып Ердоған Сирияның солтүстігінде бөлшектеуші террористік ұйым ПКК-ға бағытталған операцияларға байланысты шекара желісіндегі барлық дайындықтардың аяқталғанын айтты. 

Президент Ердоған Америка Құрама Штаттарының Нью-Йорк қаласына аттар алдында Стамбұл Ататүрік әуежайында баспасөз мәслихатын ұйымдастырды.

Ердоған:

"Кездесулердің алғашқы күні 24 қыркүйек сейсенбі күні Біріккен Ұлттар Ұйымы Жалпы Кеңесінде баяндама жасаймын. Баяндамада БҰҰ-ның күн тәртібіндегі халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікке байланысты негіздік мәселелерге қатысты көзқарасымызды тілге тиек етемін" деп көрсетті.

Президент Ердоған:

"2020 жылы қыркүйек пен 2021 жылы қыркүйек кезеңін қамтыған Біріккен Ұлттар Ұйымы 75-ші кезекті Жалпы Кеңесінің төрағалығы міндетіне елші Волкан Бозкырды үміткерлікке көрсеткендерін" білдірді.

 Президент Режеп Тайып Ердоған:

"Америка Құрама Штаттарымен стратегиялық ортақпыз. НАТО-да біргеміз. Қазір де болғанындай стратегиялық ортақтығымызды ұзақ уақыттан бері жалғастырып келеміз. АҚШ-пен қарсыласу ниетіміз жоқ.  Алайда АҚШ-тың қалауымыздан тыс террористерге берген қолдауына да көз жұма алмаймыз. ИПГ/ПКК террор ұйымдарына берген қолдаулары айдай айқын" деп баса дәріптеді.

Ердоған бізді мазасыз ететін, аймағымызға қпһауіп төндірген террористік ұйымдардан аймақты тазалаймыз. Бұған сеніміміз де күшті. Аймақта ДАИШ негізінен жойылды. Аймақты жасанды немесе бар болған барлық террор ұйымынан тазалауға бел байладық" деп көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар