"Қауіпсіз аймақты құруды кешіктірген жағдайда АҚШ-пен ортақ жұмыстар да тоқтайды"

Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акар АҚШ-пен қауіпсіз аймақ жұмыстарына қатысты мәлімдеме жасады.

1273098
"Қауіпсіз аймақты құруды кешіктірген жағдайда АҚШ-пен ортақ жұмыстар да тоқтайды"

Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акар АҚШ-пен қауіпсіз аймақ жұмыстарына қатысты «Нысанамызға қайшы болмайынша келіссөздер мен ортақ жұмыстарды жалғастырамыз. Қауіпсіз аймақ құру жұмысы кешіккен жағдайда, АҚШ-пен ортақ жұмыстар да тоқтайды» деді.

Акар кеше Ұлттық Қорғаныс министрлігінде Бас Штаб Басқармасы төрағасы генерал Яшар Гүлер және күш қолбасшыларының қатысуымен ұйымдастырылған Ардагерлер күні рәсімінде мәлімдеме жасады. Акар мәлімдемесінде Түркияның Евфраттың шығысында шекараға 30-40 шақырым қашықтықта ауыр қарулар мен террордан тазаланған қауіпсіз аймақ және бейбітшілік коридоры құруды мақсат еткенін атап, «Құрметті президент берген тапсырмалар бағытында мақсат, принцип пен нысаналарымызды ол бастан екінші тарапқа жеткіздік. АҚШ-тың мәлімдемелерін жақын қадағалаудамыз. Бұдан бұрын Манбиджте, Раккада жасағандарын жақсы білеміз, ұқсас оқиғалардың қайталануын қаламаймыз. Келіссөздер және ортақ жұмыстарды мақсат пен нысаналарымызға сәйкес жалғастырамыз. Уақыт жоғалту не болмаса шатастырушылық байқалған жағдайда, осы жұмыстарды тоқтатамыз» деді.

Түркияның Сирияның саяси және шекара тұтастығына құрмет көрсеткенін де атап айтқан Акар «Осында бір террор коридоры құруға ешқандай рұқсат бермейміз. Нақты нысанамыз - Сирияның солтүстігінде террор ұйымы PKK/PYD/YPG-нің болмысын жою, осында бір бейбітшілік коридоры құрып, еліміздегі сириялық қонақтарды елді-мекендеріне оралуды қамтамасыз ету» деді.

Акар Түркияның Шығыс Жерорта теңізінде резервтерді әділ бөлісу жөнінде ережелерге сәйкес бір ұстаным ортаға қойғанын атап, «1974 жылы кипрлық бауырларымыздың құқығын қалай қорғаған болсақ, бүгін де тұрақтылықты сақтаймыз. Кепілгер ел ретінде халықаралық заңдар аясында өз құқығымызды да, кипрлық бауырларымыздың құқығын да қорғауды жалғастырамыз» деді.



Ұқсас жаңалықтар