Сыртқы істер министрі Нетаньяхуға наразылық көрсетті

Израиль премьер-министрі Израильдің АҚШ-тың қолдауымен Иордания алқабын аннекциялайтынын алға тартты.

1267214
Сыртқы істер министрі Нетаньяхуға наразылық көрсетті

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Израиль басқыншылығында болған Батыс Шериядағы заңсыз еврей тұрғын аймақтарының «аннекциясы» үшін уәде берген Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяхуға твиттер арқылы наразылық көрсетті.

Чавушоғлу «Сайлау алдында әртүрлі заңсыз, шабуылдаушы мәлімдемелерін жалғастырған Нетаньяхудың сайлау уәделері нәсілшіл бір Апартеид (Apartheid) мемлекетін құру. Палестиналық бауырларымыздың хақ пен құқықтарын соңына дейін қорғаймыз» деді.

Нетаньяху 17 қыркүйек күні болып өтетін ерте сайлау алдында ұйымдастырған баспасөз мәслихатында қайтадан сайланған жағдайда «қысқа мерзімде» Батыс Шерияда орын алған Иордания алқабын АҚШ әкімшілігінің қолдауымен «Израильге аннекциялауға» уәде берген болатын.

Нетаньяху 9 сәуір күні жалпыхалықтық сайлау алдында сайлауда жеңіске жетіп, тағы бірдей уәдені берген еді. АҚШ-тың Израильдегі Өкілетті елшісі Дэвид Фридман болса Израильдің Батыс Шерияның кейбір аймақтарын аннекциялауға құқылы екенін алға тартып, Нетаньяхуға қолдау берген болатын.



Ұқсас жаңалықтар