Чавушоғлұ Мұстафа Акынжымен кездесті

Чавушоғлұ «Саяси тепе-теңдік қағаз бетінде емес, нақтылы атқарылуында болуы керек» деді.

1266645
Чавушоғлұ Мұстафа Акынжымен кездесті

Сыртқы істер министрі Мәвлүт Чавушоғлұ Солтүстік Кипр Түрік Республикасына сапарлай барды.

Чавушоғлұ сапар барысында Солтүстік Кипр Түрік Республикасы Президенті Мұстафа Акынжымен кездесті.

Сыртқы істер министрі Чавушоғлұ саяси партия лидерлерінің қатысуымен ұйымдастырылған дөңгелек үстел жиналысынан кейін мәлімдеме жасады. Чавушоғлұ  жасаған мәлімдемесінде «Саяси тепе-теңдік қағаз бетінде емес, нақтылы атқарылуында болуы керек» деді.

Чавушоғлұ түрік тарапының көмірсутегі ынтымақтастық ұсынысын еске салды. Понти әкімшілігінің осы ұсынысты қабылдамаған жағдайда Түркияның мұнай іздеу жұмыстарын табанды түрде жалғастыратынын түсіндірді.

Сыртқы істер министрі Түркияның Кипр түрік халқының қасында екенін қайталап, Аралдағы шешім үшін Біріккен Ұлттар Ұйымының да орын алған бір жиналыс өткізілуі жайлы үндеу тастады.



Ұқсас жаңалықтар