"Қолдау келмесе, шекара қақпаларын ашамыз"

Ердоған батыс елдерінің уәделерін орындамағанын айтты.

1264254
"Қолдау келмесе, шекара қақпаларын ашамыз"

Президент Режеп Тайып Ердоған батыс елдеріне уәделерін орындап, босқындар жөнінде Түркияға қолдау берулерін,  әйтпесе босқындарға Еуропаға өту үшін қақпаларды ашатындарын айтты.

Президент, Әділет және даму партиясы төрағасы Ердоған партиясының орталық ғимаратында өткен Кеңейтілген Қалалық филиал төрағалары жиналысында сөз сөйледі.

Баяндамасында батыс елдерінің босқындар үшін Түркияға берген уәделерін орындамағандарын атап көрсетіп: «Сенімді аймақ болмаса, қақпаны ашуымыз керек болады.  Бұл жүкті тек біз көтереміз бе?» деді.

Ердоған: «Елдегі босқындардың жүгін бөлісу тақырыбында Еуропа Одағы бастаған елдерден қолдау алмадық. Алу үшін қақпаларды ашуға мәжбүр боламыз» деді.

«Қыркүйек айының соңғы аптасына дейін Евфрат өзенінің шығысындағы сенімді аймақты өзіміздің жоспарымыз бойынша бастауға табандымыз» деді Ердоған.

Ол: «Мақсатымыз – Сириялық азаматтардың кемінде бір миллионының осы сенімді аймаққа орналастырылуы» деді.



Ұқсас жаңалықтар