Ердоған қажетті қолдаудың келмегенін айтты

Президент Чехия прембер-министрімен кездесті.

1263382
Ердоған қажетті қолдаудың келмегенін айтты

Президент Режеп Тайып Ердоған Сирияның солтүстігінде сенімді аймақ қалыптастырылуы тақырыбында қажетті қолдаудың келмегенін айтты.

Президент Ердоған ресми сапармен Анкараға келген Чех Республикасының премьер-министрі Андрей Бабишпен кездесті.  Оңаша кездесу және делегациялық кездесуден кейін Президенттік сарайда баспасөз мәслихаты өткізілді.

Жиналыста Сирияның солтүстігіндегі сенімді аймақ тақырыбында берілген уәделердің орындалмағанын баяндаған Ердоған Түркияға бағытталған қауіптерге қарсы басылатын қадамдардың басылғанын айтты. «Қазір сенімді аймақты өздері күн тәртібіне келтіруде, енді тек аты ғана қалды» деді ол.

Ердоғанның күн тәртібінде Сирияның Идлиб қаласындағы гуманитарлық трагедия да орын алды.  Президент Идлибтің жайымен жойыла бастағанын айтып: «Бұлардың барлығына үнсіз қарап отыру мүмкін емес.  Ресеймен сөйлестік, сөйлесіп жатырмыз,  алда Ресей-Түркия-Иран саммиті бар.  Осы айдың ішінде қайта кездесеміз.  Бірақ мақсат – Женевадан бұрын кейбір қадамдарды басу» деді.

Президент Ердоған босқындар тақырыбына да тоқталды.  Еуропа Одағының осы мағынада Түркияға берген уәделерін орындамауына наразылық білдірген Ердоған «Қазірге дейін біз салған инвестиция 40 миллиард долларға жетті.  Бірақ Еуропа Одағынан өкінішке орай, 3 миллиард евро да келмеді. Сонда да біз 4 миллион адамға қолымыздан келгенше көмектесіп отырмыз» деді.

Чех Республикасы премьер-министрі де президент Ердоғанның Сирияда сенімді аймаққа байланысты шешім ұсынысының тамаша екенін айтып: «Түркия ақша сұрамайды,  бір аймақ қалыптастырылсын,  мектеп, үй салынсын,  инвестиция салынсын дейді» деді.

Бабиш Түркияның Чехияның маңызды серігі және НАТО-дағы одақтасы екенін білдірді.  Екі ел арасындағы өзара сауда айналымының арттырылуы керектігін атап көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар