Чавушоғлұ Ослода кездесулер өткізуде

Сыртқы істер министрі Мәвлүт Чавушоғлұ Норвегияның астанасы Ослода кездесулер өткізуде.

1261181
Чавушоғлұ Ослода кездесулер өткізуде

Чавушоғлұ Ослода кездесулер өткізуде.

Сыртқы істер министрі Мәвлүт Чавушоғлұ Норвегияның астанасы Ослода кездесулер өткізуде.

Түркияның Осло елшілігі ғимаратында түрік азаматтарымен бас қосқан Чавушоғлұ 30 тамыз Жеңісі мерекесі қонақасына қатысты.

Чавушоғлұ бұл жеңістің түрік ұлтының тәуелсіздігін қорғау тақырыбындағы символының бірі ретінде тарихта орын алғанын баяндады.

Демократияны аяқ астына алғандарға 30 тамыз рухымен жауап беретінін айтты.

Чавушоғлұ 10 тамызда террор шабуылына тап болған Әл-Нұр Ислам орталығы мешітіне барды.

Чавушоғлұ сапардан кейін Твиттер арқылы жасаған мәлімдемесінде Ислам дұшпандығына қарсы байсалды мәлімдеме жасаған Норвегия үкіметіне алғыс айтты.

Чавушоғлұ «Ислам дұшпандығын бірге жеңе аламыз» деді. 



Ұқсас жаңалықтар