АҚШ әскери делегациясы Шанлыурфада болды

Стефен Твити Сенімді аймаққа байланысты Ортақ операциялық орталық жұмыстары шеңберінде Шанлыурфада тексеру жүргізді.

1253520
АҚШ әскери делегациясы Шанлыурфада болды

Америка Құрама Штаттарының Еуропа күштері қолбасшысының орынбасары, генерал Стефен Твити Сенімді аймаққа байланысты Ортақ операциялық орталық жұмыстары шеңберінде кеше Шанлыурфада тексеру жүргізді.

Ұлттық Қорғаныс министрлігінің әлеуметтік желідегі есебінен Твитидің сапары жөнінде жазба жарияланды.

Жазбада АҚШ-пен үйлесімді түрде Сирияның солтүстігінде қалыптастырылуы жоспарланған Сенімді аймақ шеңберінде АҚШ Еуропа күштері қолбасшысының орынбасары Стефен Твитидің Шанлыурфаға барғаны айтылды.

Осы арада кеше тексеру жұмыстарын аяқтаған генерал Твити басшылығындағы АҚШ әскери делегациясы бүгін Бас штабқа барды.



Ұқсас жаңалықтар