Вейсел Ероғлу Бағдатта Ирак президенті Салихпен бас қосты

Президенттік сарайдың Ирак арнайы өкілі Вейсел Ероғлу Бағдатта Ирак президенті Берхем Салихпен бас қосты.

1245762
Вейсел Ероғлу Бағдатта Ирак президенті Салихпен бас қосты

Президенттік сарайдың Ирак арнайы өкілі Вейсел Ероғлу Бағдатта Ирак президенті Берхем Салихпен бас қосты.

Кездесу Ирактың Президенттік сарайында баспасөзге жабық өткізілді.

Ирактың Президенттік сарайынан жасалған жазбаша мәлімдемеде Салих кездесуде екі ел арасындағы су мәселесінде тоқтап қалған тақырыптардың шешімі үшін ұзақ уақыттық келісімдердің жүргізілуіне мән беретіндерін білдірді.

Түркиямен қарым-қатынастарына ерекше мән беретіндерін тілге тиек еткен Салих екі жақтылы қарым-қатынастардың екі ел халқының ортақ мүддесі үшін бекемделуі керектігін дәріптеді. 

"Су мәселесі көршіміз Түркиямен байланыстарымыздың ең басты түйінін қалыптастырады" деген Салих суды бөлісуге байланысты екі ел арасында құрылған комитеттердің түбегейлі шешім жасауын үміт ететіндерін айтты.

Ирак президенті Салихпен кездесуінен кейін Ероғлу әріптесі Жемал Адили төраға болған делегациялар арасындағы кездесулерге қатысты.



Ұқсас жаңалықтар