Ердоған Малайзия премьер-министрін қабылдады

Малайзия Стамбулда бас консулдық ашады.

1242918
Ердоған Малайзия премьер-министрін қабылдады

Президент Режеп Тайып Ердоған Түркия-Малайзия-Пәкістан үштік ынтымақтастық үрдісінің жылжуына қолдау беруді жалғастыратындарын айтты.

Ердоған ресми сапармен Анкараға келген Малайзия премьер-министрі Махатхир Мұхаммедпен кездесті.  Оңаша және делегация кездесуінен кейін баспасөз мәслихатында сөз сөйледі.

Президент Ердоған кешегі кездесуде стратегиялық екі ортақ ретінде ынтымақтастыққа бағытталған қадамдарды талқылағандарын білдірді.  Малайзияның Стамбулда бас консулдық ашуға шешім бергенін білдірген Ердоған осы қадамның екі жақты қатынастарға маңызды үлес қосатынын айтты.

Президент Оңтүстік шығыс Азия халықаралық одағы АСЕАН-мен секторлық диалог серіктестігі шеңберінде Малайзияға көп көңіл бөлгендерін атап көрсетіп: «Палестина күресі, Рохиня дағдарысы және Исламға дұшпандық секілді мәселелерде ұстанымымыз бірдей.  Малайзиямен осы тақырыптарда ынтымақтастығымызды арттыра түсеміз.  Махатхирдің бастамасымен сыртқы істер министрлері деңгейінде басталған Түркия-Малайзия-Пәкістан үштік ынтымақтастық үрдістің жылжуына да қолдау беруімізді жалғастырамыз» деді.

Президент Ердоған Малайзия премьер-министріне Республика орденін тақты.



Ұқсас жаңалықтар