Сириядан Түркия жеріне зымыран шабуылы

Жаралылардың бірі – бала.

1240652
Сириядан Түркия жеріне зымыран шабуылы

Түркия жеріне Сириядан атылғаны анықталған екі зымыран келіп құлады.  Шанлыурфаның Джейланпынары ауданында бір үйдің төбесіне түскен зымыраннан алты адам жарақат алды.  Жаралылардың бірі – бала.

Жарақат алған азаматтар Джейланпынар Мемлекеттік ауруханасына жеткізілді.

Ұлттық Қорғаныс министрлігі: «Сирия тарапынан басталған зымыран шабуылына шекара аймағындағы ауыр қарулармен заңды жауабымызды бердік.  Ауыр қарулармен жүргізілген атыста Сирия жағында орны алдын ала анықталған жеті нысан жойылды» деп хабарлама жасады.



Ұқсас жаңалықтар