Чавушоғлұ күн тәртіпке байланысты сұрақтарға жауап берді

Чавушоғлұ Түркияның өз соғыс ұшақтарын, танктарын және тікұшақтарын өндіру үшін атсалысқанын атап өтті.

1240102
Чавушоғлұ күн тәртіпке байланысты сұрақтарға жауап берді

Чавушоғлұ Түркияның өз соғыс ұшақтарын, танктарын және тікұшақтарын өндіру үшін атсалысқанын атап өтті.

Сыртқы істер министрі Мәвлүт Чавушоғлұ бір жеке теледидар каналында күн тәртіпке байланысты сұрақтарға жауап берді.

Министр Чавушоғлұ Түркияның өз қорғаныс өнер кәсібіне қатты көңіл бөлгенін, сондай-ақ осы тақырыпта үлкен инвестициялар салғанын және қазіргі қажеттіліктің 70 пайызын өз мүмкіндіктерімен қамтамасыз еткенін айтты.

Чавушоғлұ Түркияның өз соғыс ұшақтарын, танктарын және тікұшақтарын өндіру үшін атсалысқанын атап өтті.

Чавушоғлұ АҚШ-тың F-35 соғыс ұшақтарын бермеген жағдайда Түркияның өзі өндіргенге дейін қажеттілігін басқа жерден алуы мүмкіндігін білдіріп, «S-400 әуе қорғаныс жүйелерінің Ресейден алудың өзі бір мысал» деді.

Чавушоғлұ АҚШ-тың Түркияға санкция жасаған жағдайда Түркияның бұған тойтарыс беретінін атап өтті.

 

 

 

 



Ұқсас жаңалықтар