15 шілде шейіттері еске алынды

Анкарада 15 шілде Демократия шейіттер және Полиция шейіттер қабірстанында еске алу рәсімдері өткізілді.

1235926
15 шілде шейіттері еске алынды
sentop-soylu ozel harekat.jpg
sentop-soylu ozel harekat1.jpg
sentop tbmm anma.jpg

Бас қала Анкарада 15 шілде Демократия шейіттер және Полиция шейіттер қабірстанында еске алу рәсімдері өткізілді.

Каршыяка қабірстанындағы еске алу бағдарламасына Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі төрағасы Мұстафа Шентоп пен Ішкі істер министрі Сүлейман Сойлу қатысты.

Құран оқылып, дұға қылынғаннан кейін Шентоп пен Сойлу қабірлерге гүл шоқтарын қойды.

Еске алу рәсімінен кейін баспасөз өкілдерінің сұрақтарына жауап берген мәжіліс төрағасы 15 шілденің тарихтағы ең түнек күн екенін айтты.  Шентоп сол күні болған оқиғаларды,  әрі опасыздардың істгендерін,  әрі опасыздарға ұлттың көрсеткендерін жиі-жиі еске алу керектігін білдіріп: «Бүгін біз болашағымызға, отанымызға, ұлтымызға қарсы шыққандарға осы топырақта өмір сүру құқығын бермейтінімізді көрсеткен болатынбыз, қайтадан көрсететінімізді әлемге паш етеміз» деді.

Мәжіліс төрағасы Шентоп пен Ішкі істер министрі Сойлу артынан Гөлбашындағы Полиция арнайы жасақ басқармасына барып, осындағы арнайы дәптерге қолтаңба қалдырды.

15 шілде төңкеріс әрекеті кезінде бомбаланған мәжілісте де еске алу рәсімі ұйымдастырылды.

Рәсімде сөз сөйлеген Шентоп «15 шілде төңкеріс әрекетін жоспарлаған және халқымыздың қанын төгіп, болашағын жоюға тырысқан ФЕТО ұлтымыздың дұшпандарының басында келеді» деді.



Ұқсас жаңалықтар