Президент 15 шілде күніне орай мәлімдеме жасады

Президент Ердоған твиттер арқылы 15 шілде күнгі көріністерін бөлісе отырып, мәлімдеме жасады.

1234807
Президент 15 шілде күніне орай мәлімдеме жасады

Президент Режеп Тайып Ердоған әлеуметтік медиа парақшасы твиттерден 15 шілде күнімен байланысты мәлімдеме жасады.

Президенттік аппараттың Коммуникация басқармасы тарапынан 15 шілде күні болған оқиғалармен байланысты дайындалған 2 минут 20 секундтық бір бейне көріністі бөліскен Ердоған «Шәйіттеріміздің естеліктеріне және қандарымен суарылған топырақтарымызға ие шығамыз. 15 шілде күнін ұмытпаймыз» деді.

Президенттік аппараттың Коммуникация басқармасы төрағасы Проф. док. Фахреттин Алтун 15 шілде күніне арналған қысқа фильмді бөлісті.

Алтун «Twitter» парақшасында 15 шілде күнгі Демократия мен Ұлттық бірлік күні аясында президенттік аппараттың коммуникация басқармасы тарапынан дайындалған қысқа фильмге орын берді.

Алтун «Оларға борыштымыз. Өздері жерге құласа да, байрақ құлаған жоқ. Отанды қорғаудан бас тартпады. Әр қайсысының батылдығын, жігіттігін санамызға жаздық. Шәйіттерімізге рақымшылық тілейміз» деді.

15 шілде күнгі төңкеріс әрекетінде шәйіт болғандардың хикаялары түсіндірілген фильмде шәйіттердің артта қалдырған заттары мен жанұяларының естеліктері орын алады.

Ұлттық Қорғаныс министрлігі әлеуметтік медиа парақшасынан 15 шілде шәйіттері мен ардагерлеріне арнап бейне көріністер де орын алған бір мәлімдеме жасады.

Мәлімдеме де «Фетуллахшы террор ұйымының 2016 жылы 15 шілде күнгі опасыз төңкеріс шабуылын тоқтатқан қасиетті ұлтымыздың алдында құрметпен бас иіп, отаны үшін жанын пида қылған жазықсыз адамдар мен әскер, полиция және барлық шәйіттерімізге Алладан рақымшылық тілеп, ардагерлерімізге рақмет айтамыз» делінді.



Ұқсас жаңалықтар