Екінші қақпа үшін келісім жақын

Түркияның Ирактағы елшісі Ирак пен Түркия арасындағы екінші шекара қақпасының ашылуы тақырыбында Бағдат әкімшілігімен келісімге жақын екендерін айтты.

1233458
Екінші қақпа үшін келісім жақын

Түркияның Ирактағы өкілетті және төтенше елшісі Фатих Йылдыз Ирак пен Түркия арасындағы екінші шекара қақпасының ашылуы тақырыбында Бағдат әкімшілігімен келісімге жақын екендерін айтты.

Өкілетті елші Йылдыз Бағдатпен осы тақырыптағы келіссөздің жақсы сатыда екенін білдіріп: «Бағдатпен екінші шекара қақпасы тақырыбында келісімге жақындап қалдық» деді.

Елші басқа тақырыптарда болғаны секілді Бағдат пен Эрбильге қатысты осы тақырыпта да ортақ көзқарастың қалыптасуы үшін екі жақ арасындағы байланыстың маңыздылығына тоқталды.  «Әрі Бағдатпен арадағы диалогта, әрі соңғы айларда Ирак Күрд аймақтық әкімшілігімен байланыстарымызда жаңа бетбұрыс процесі бар» деді ол.

Елші: «Бағдат пен Эрбиль арасындағы кездесулерге екінші шекара қақпасының да қосылуы қажет.  Ирак Күрд аймақтық әкімшілігімен де сөйлесеміз,  екінші қақпаны ашамыз деп жоспарлап отырмыз» деді.



Ұқсас жаңалықтар