Ердоған Қытай мемлекет басшысымен кездесті

Президент Режеп Тайып Ердоған Жапониядағы сапарын тамамдап Қытайға барып, бірқатар кездесу өткізді.

1229064
Ердоған Қытай мемлекет басшысымен кездесті

Ердоған Қытай мемлекет басшысымен кездесті.

Президент Режеп Тайып Ердоған Жапониядағы сапарын тамамдап Қытайға барып, бірқатар кездесу өткізді.

Рәсіммен кейін Ердоған мен Си Цзиньпин оңаша кездесті. Екі лидер  одан кейін делегациялар арасындағы кездесуге төрағалық жасады.

Делегациялар арасы кездесудің алдында қысқаша сөз сөйлеген Ердоған «Құрметті президент Си  өзіңізге және делегацияңызға қонақ жайлылықтарыңыз  үшін алғыс айтамын» деді.

Қытай мемлекет басшысы Си Цзиньпинмен соңғы жылдарда үнемі бас қосқанын еске салған Ердоған Түркия мен Қытай қарым-қатынастарын әр салада күшейтуде келіскендерін айтты.

Ердоған екі ел қарым-қатынастары көне тарихқа барып тірелгеніне тоқталды. Президент екі ел қарым-қатынастарының Ұлы Жібек жолы арқылы бір-біріне жалғанған көне өркениеттер негізінде құрылғанын және әлеуетінің үлкен екенін білдірді.

Қытай мемлекет басшысы Си Цзиньпин де осы сапар арқылы қарым-қатынастарды тіпті күшейтуді үміт еткенін атап өтті.

Одан кейін Ердоған Қытай мемлекет басшысы Си Цзиньпин тарапынан құрметіне берілген қонақасына қатысты.

Делегациялар арасы кездесу мен қонақасына Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу, Қазына және қаржы министрі Берат Алабайрак, Энергия және табиғи ресурстары министрі Фатих Дөнмез, Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акар, Өнеркәсіп және технология министрі Мұстафа Варанк, Сауда министрі Рухсар Пекжан, Қатынас және инфрақұрылым министрі Жахит Турхан, Ұлттық барлау ұйымы төрағасы Хакан Фидан, Қорғаныс өнеркәсібі төрағасы Исмаил Демир,  Президенттік коммуникация  басқармасы төрағасы Фахреттин Алтун мен  президенттік аппараттың баспасөз хатшысы Ибрахим Калын қатысты.

Президент Режеп Тайып Ердоған Қытай сапарынан кейін елге оралды.



Ұқсас жаңалықтар