Ердоған Араб елдерінде "Ең көп қолдау алған ел басшысы" болды

Арабтар президент Ердоғанның Орта Шығыс саясатына 51 пайыз мөлшерімен қолдау берген.

1224391
Ердоған Араб елдерінде "Ең көп қолдау алған ел басшысы" болды

Президент Режеп Тайып Ердоған Араб елдерінде "Ең көп қолдау алған ел басшысы" болды.

ББС Арабша үшін Орта Шығыс және Солтүстік Африка елдерінде жасалған сауалнамаға қарағанда, арабтар президент Ердоғанның Орта Шығыс саясатына 51 пайыз мөлшерімен қолдау берген.

Қоғамдық зерттеу ұйымы Араб Барометрдің Судан, Иордания, Палестина, Алжир, Марокко, Тунис, Йемен, Ирак, Ливия, Ливан және Мысыр елдерінде 25 мың 407 адамға жасаған сауалнамада Ресей президенті Владимир Путин 28 пайыз және АҚШ президенті Дональд Трамп 12 пайыз қолдау тапқан.

Президент Ердоғанға қолдау Судан мен Иорданияда 75 пайыздан жоғары болған, Путин тек Ливия, Ливан және Мысырда бірінші орынды иелеген.

Сауалнамадааймақ елдері ең үлкен қауіп ретінде Израильді, Йемен мен Ирак Иранды көрсеткен. Иракта АҚШ ең үлкен екінші қауіп деп қаралған.

Араб елдерінде діндарлық та азайған. Сауалнамаға қатысқан елдерде "Діндар емеспін" дегендер 2013 жылғы 8 пайыздан 13 пайызға көбейген.

30 жастан төменгі жастарда "Діндар емеспін" дейшілердің мөлшері 18 пайыз болған.



Ұқсас жаңалықтар