Ердоған "Біздің де өзімізге тән қарсы эмбарголарымыз болады" деді

Президент Ердоған: "Біздің де өзімізге тән қарсы эмбарголарымыз болады" деп көрсетті.

1222281
Ердоған "Біздің де өзімізге тән қарсы эмбарголарымыз болады" деді

Президент Режеп Тайып Ердоған Америка Құрама Штаттарының Түркияға эмбарго жасау тақырыбында жақсы ойлануы керектігін білдіріп:

"Біздің де өзімізге тән қарсы эмбарголарымыз болады" деп көрсетті.

Ердоған Стамбұлда шетел ақпарат қызметкерімен өткізген сұхбат жиналысында жасаған мәлімдемесінде:

"АҚШ-тың бір қиыншылығы бар, біздің құрметті президент Дональд Трамппен байланысымыз тым өзгеше. Алайда, Трамптың қоластындағылармен байланыстарымыз тіпті де өзгеше, сол себепті эмбарголардың жасалатынына мүлде сенбеймін" деді.

"Әуеден қорғаныс жүйесі S-400 тақырыбы біз және Ресей үшін біткен жұмыс" деген Ердоған: 

Алдағы 15 күн ішінде тапсырыстар басталады деп мөлшерлеймін. Тапсырыстар басталғаннан кейін қайда орналастырылатыны қарулы күштер тарапынан белгіленді, орналастырулармен аталмыш процесті жалғастырамыз" деп баса дәріптеді. 

АҚШ-тың әрқандай бір НАТО-ға мүше елді одақтан шығару құқығы болмағандығын айтқан Ердоған АҚШ-тың эмбарголар тақырыбында тіпті сезімтал әрекет жасауы керектігін айтты.

Ердоған:

"НАТО ішіндегі табысты жұмыстарымен НАТО-мен ұйымшыл бір елге эмбарго атқаратын болса АҚШ  мұны толық ойластыруы керек. Біздің де өзімізге тән қарсы эмбарголарымыз болады, біз бұған мақұл деп отырмаймыз" деп көрсетті.

Түркияның маңайында қауіптер бар екенін айтқан Ердоған:

"Сол себепті Түркия Ресейден лайықты шарттарда S-400 жүйесін сатып алды" деді.



Ұқсас жаңалықтар