Ирактың солтүстігіндегі террористтерге қарсы операция жалғасуда

«Пенче» операциясында 100 үңгір мен баспана қолданылмайтын жағдайға келтірілді.

1215939
Ирактың солтүстігіндегі террористтерге қарсы операция жалғасуда

Ирактың солтүстігіндегі Хакурк аймағында 15 күннен бері жалғасып жатқан «Пенче» операциясында 100 үңгір мен баспана қолданылмайтын жағдайға келтірілді.

Ұлттық Қорғаныс министрлігінің хабарламасына қарағанда,  27 мамыр күні басталған «Пенче» операциясында террорлық ұйым PKK-ға қарсы жүргізілген әскери қозғалыстар табандылықпен жалғастырылуда.

Арнайы жасақтар қиын жағдайға қарамастан террористтер мен олардың баспаналарын жойып, мина мен жарылғыштарын залалсыздандыруда.

Операция барысында 43 террорист залалсыздандырылды. 15-ші күні 24 мина мен қолдан жасалған жарылғыш анықталып, жойылды.  Осылайша операция басталған күннен бері жойылған жарылғыш саны 77-ге жетті.

Террористтердің оқ-дәрілері мен бұйымдары да тіркіленді.



Ұқсас жаңалықтар