Ердоған және Трамп телефонмен әңгімелесті

Түркия АҚШ-қа S-400 әуе қорғаныс жүйесі тақырыбында ортақ бір жұмыс тобы құру ұсынысын қайталады.

1210743
Ердоған және Трамп телефонмен әңгімелесті

Президент Режеп Тайып Ердоған АҚШ президенті Дональд Трамппен телефонмен әңгімелесті.

Президенттік аппараттың коммуникация басқармасы төрағасы Фахреттин Алтун тақырыппен байланысты твиттер арқылы мәлімдеме жасады.

Президент Ердоған және Трамптың телефон арқылы әңгімелескенін білдірген Алтун «Әңгіме барысында екі жақты және аймақтық мәселелер қолға алынды. Президентіміз ұлттық қауіпсіздігімізге сәйкес Ресейден қамтамасыз етілуі жоспарланған S-400 Әуе қорғаныс жүйесі тақырыбында ортақ бір жұмыс тобы құрылуы ұсынысын қайталады» деді.

Алтун сондай-ақ «Болат экспорты саласына бағытталған қосымша тарифтердің жойылуымен байланысты ризашылық білдірілді. Осы шешіммен 75 миллиард долларлық екі жақты сауда нысанасына қол жеткізудің мүмкін екені баса айтылды» деді.

Фахреттин Алтун «екі басшы 28-29 маусым күндері Жапонияда өтетін Үлкен жиырмалық елдер саммитінде бас қосуға шешім қабылдады» деді.  



Ұқсас жаңалықтар