Эмине Ердоған мен Сарбах Салихи ботаникалық бақ аралады

Ирак президенті Берхам Салих пен жұбайы Сарбах Салих жұмыс сапары аясында кеше Стамбулға келген болатын.

1210474
Эмине Ердоған мен Сарбах Салихи ботаникалық бақ аралады
emine erdogan.jpg
emine erdogan.jpg

Президент Режеп Тайып Ердоғанның жұбайы Эмине Ердоған мен Ирак президенті Берхан Салихтің жұбайы Сарбах Салих Стамбулда Незахат Гөкйигит ботаникалық бағын аралады.

Эмине Ердоған твиттердан Сербагх Салихпен ботаникалық бақтағы фотосуреттерін бөлісіп, «Елімізге ресми сапармен келген Ирак президенті Берхан Салихтің жұбайы Сарбах Салихпен Стамбулда Незахат Гөкйигит Ботаникалық бағын араладық. Ауылшаруашылығы және өсімдіктерге қатты қызығушылық танытқан Салихпен Ирак және Түркия өсімдіктері жайлы жақсы әңгімелестік» деді.

Сарбах Салих жұбайы Ирак президенті Берхам Салихпен жұмыс сапары аясында кеше Стамбулға келген болатын.



Ұқсас жаңалықтар