Түркия Жерорта теңізі жайлы ЕО-қа мүше елдермен ақпарат бөлісті

Түркия Еуроодақтың Шығыс Жерорта теңізі саясатының халықаралық заңдарға қарама-қайшы екенін білдірді.

1209441
Түркия Жерорта теңізі жайлы ЕО-қа мүше елдермен ақпарат бөлісті

Сыртқы істер министрлігі лауазымдылары Еуроодаққа мүше елдердің тұрақты өкілдерінің Кеңею мен Түркияға жауапты лауазымдыларымен Брюссельде бас қосты. Бас қосуда Шығыс Жерорта теңізімен байланысты ақпарат бөлісілді.

Сыртқы істер министрлігі Екі жақты саяси қарым-қатынастар және Теңіз-Авиация-Шекара Бас директоры Өкілетті елші Чагатай Эрджийес, Түркияның Шығыс Жерорта теңізіндегі көмірсутек резервтеріне қатысты жұмыстарының халықаралық құқықтан туындаған заңды құқығына сүйенгенін атап көрсетті.

Еуроодақтың алдымен Түркияның Шығыс Жерорта теңізіндегі жұмыстарымен байланысты мәлімдемесінің бір жақты қауесеттерді қамтығанына назар аударған Эрджийес «Еуроодақ Түркия Республикасына мүше бір ел ретінде егемендік құқығын құрметтеуге шақыра алады. Дегенмен Түркияны бір Еуроодақ мүшесі мемлекеттің теңіз жауапкершілігімен байланысты қауесеттерін қабылдауға күштей алмайды. Осы халықаралық құқыққа қарама-қайшы» деді.

Еуроодақтың басқа мүше елдер арасында теңіз құқығына қатысты ұқсас мәселелер болған жағдайда, осында төреші бір рөл атқармағанын және мұның жаңа бір ұстаным екеніне назар аударған Эрджийес Еуроодақтың ұстанымының халықаралық құқықпен үйлеспегеніне назар аударды.



Ұқсас жаңалықтар