Түркия АҚШ Өкілдер Мәжілісінің шешіміне наразылық білдірді

Мәлімдемеші Хами Аксой «АҚШ-Түркия одақтастығына бағытталған уайымдарды жеткізу» шешімі жайлы мәлімдеме жасады.

1206844
Түркия АҚШ Өкілдер Мәжілісінің шешіміне наразылық білдірді

Сыртқы істер министрлігі мәлімдемешісі Хами Аксой АҚШ Өкілдер Мәжілісі Сыртқы қатынастар комитетінде қабылданған «АҚШ-Түркия одақтастығына бағытталған уайымдарды жеткізу» шешімнің одақтастық түсінікпен келіспегенін атап көрсетті.

Хами Аксой Өкілдер Мәжілісі Сыртқы қатынастар комитетінде кеше қабылданған «АҚШ-Түркия одақтастығына бағытталған уайымдарды жеткізу» шешімі жайлы мәлімдеме жасады.

АҚШ-та Түркияға дұшпан орталардың соңғы кездері АҚШ Конгресі алдында жұмыстарын арттырғанын білдірген Аксой «Өкілдер Мәжілісі тарапынан қабылданған ‘АҚШ-Түркия одақтастығына бағытталған уайымдарды жеткізу’ шешімі осының соңғы үлгі» деді.

Түркия мен АҚШ-тың ортақ құндылықтар мен өзара мүдделерге сүйенген терең одақтастық қарым-қатынастарына ие екенін атап көрсеткен Аксой екі елдің әлемнің көптеген аймақтық мәселесінде бейбіт және қауіпсіздікке үлес қосу мақсатты бірге қозғалғанына назар аударды.

Аксой «Бұл шындық және Түркияның ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған қадамдардың арғы жағындағы заңды себептер байқаусыз қалдырылып қабылданған осындай шешімдер одақтастық қарым-қатынастарымен ұйқаспайды. Осы себепті достығына баға бергеніміз АҚШ халқының және өкілдерінің алаңдауына қажет жоқ. Негізінде достық пен одақтастықтың керегі ұсынған жұмыс тобына қолдау беріп, болымды және шынайы бір талпыныс ортаға қою» деді.



Ұқсас жаңалықтар