Октай Зеленскийдің ант беру рәсіміне қатысты

Владимир Зеленский Жоғарғы Раданың салтанатты отырысында ант берді.

1204482
Октай Зеленскийдің ант беру рәсіміне қатысты

Октай Зеленскийдің ант беру рәсіміне қатысты.

Украина президенті атанған Владимир Зеленский Жоғарғы Раданың салтанатты отырысында ант берді.

Зеленскийдің ант беру рәсіміне Түркия атынан президент орынбасары Фуат Октай қатысты.

Владимир Зеленский Украина конституциясы мен Інжілге қолын қойып, ант мәтінін оқыды. Отырысқа қатысушылар президент антын түрегеп тұрып тыңдады. Осыдан кейін отырысқа төрағалық еткен Жоғарғы Рада төрағасы Андрей Парубий президент Зеленскийді Жоғарғы Рададағы Украина президентінің орнына жайғасуға шақырды.

Президент орынбасары Фуат Октай Украина президенті Владимир Зеленскийге президент Режеп Тайып Ердоғанның құттықтау хатын тапсырып берді.  

Фуат Октай өзіне құрмет көрсеткен украиналықтармен амандасты және әңгімелесті.



Ұқсас жаңалықтар