Ибрахим Калынның "Некбе" мәлімдемесі

Израиль тәуелсіздігін жариялаған соң палестиналықтар "Үлкен апат" деп атаған "Некбе" күніне орай мәлімдеме жасады.

1202086
Ибрахим Калынның "Некбе" мәлімдемесі

Президенттік аппараттың баспасөз хатшысы Ибрахим Калын Түркияның Палестинаға заңды күресінде қолдауын жалғастыратынын атап көрсетті.

Ибрахим Калын жеке твиттер парақшасынан Израиль басқыншылығында болған Палестина жерінде 1948 жылы 14 мамыр күні тәуелсіздігін жариялауының артынан палестиналықтар «Үлкен апат» деп атаған Некбе күніне орай мәлімдеме жасады.

Калын мәлімдемесінде «Палестина халқының тәуелсіздік, әділет және абырой күресі жалғасады. Израиль басқыншылығы, сүргіндер, тұтқындаулар және қырғындарға қоса батыс елдері берген қолдау мен ұятқа қалдырған үнсіздігі оларды шаршатпады. Түркия Палестинаға заңды күресінде қолдауын жалғастырады. #Nakba71» деді.



Ұқсас жаңалықтар