Кабулда ауызашар

Түрік Қызыл жарты ай қоғамы Кабулда ауызашар берді.

1196192
Кабулда ауызашар

Түрік Қызыл жарты ай қоғамы Ауғанстанның бас қаласы Кабулда ораза айының алғашқы ауызашарын жетім және мүгедектермен бөлісті.

Ауызашар бағдарламасында сөз сөйлеген Түрік Қызыл жарты ай қоғамының Ауғанстан делегация төрағасы Вурал Джан Курал шамамен бір жылдан бері елдегі істерін жалғастырып отырғандарын айтты. Курал  Түрік Қызыл жарты ай қоғамы ретінде гуманитарлық істерімен дос және бауырлас ауған халқының жанында болуды жалғастыратынын білдірді. Ол алғашқы ауызашарды Ауған Қызыл жарты ай қоғамы Марастон Жетім және мүгедектер орталығындағы 400 кісімен бөліскенін атап көрсетті.

 Курал ауызашардан кейін ораза айы үшін дайындалған азық-түлік пакеттері таратылып,  Ауғанстандағы мұқтаж жандарға жеткізілгенін білдірді.



Ұқсас жаңалықтар