Фахреттин Алтун оразаға байланысты мәлімдеме жасады

Президенттік аппараттың коммуникация төрағасы проф. док. Фахреттин Алтун ораза айдың басталуымен жеке твиттер парақшасынан мәлімдеме жасады.

1195559
Фахреттин Алтун оразаға байланысты мәлімдеме жасады

Президенттік аппараттың коммуникация төрағасы проф. док. Фахреттин Алтун оразаның тек қана бір мерзім емес, болмысын бүкіл әлемге сездіретін терең бір діни тәжірибе, бай мәдени практика, әлеуметтік бір байланыс, ықпалдасу, ынтымақтастық пен жәрдемдесу екенін білдірді.

Алтун ораза айдың басталуымен жеке твиттер парақшасынан мәлімдеме жасады.

Мәлімдемесінде ораза айды Исламның негізгі ғибадаттарының бірі болған оразаға қонақжайлық жасаған ерекше бір мезгіл екенін атап көрсеткен Алтун «Ораза әрі жеке тұлғалар, әрі қоғам үшін физикалық және рухани тұрғыдан тазалану тәжірибесіне жағдай жасайды. Ораза сондай-ақ «замандас кезеңдерге» альтернативалық бір уақыт түсінігі, тұтынушылық көзқарасына альтернативалық бір қанағаттану экономикасы болып табылады. Иншалла осы ораза әрі ұлтымыз, әрі ислам әлемі үшін лайықты түрде орындалған берекелі бір ай болар» деді.



Ұқсас жаңалықтар