Президент Ердоған Шри-Ланка президенті Майтрипала Сирисенамен телефонда сөйлесті

Ердоған Майтрипала Сирисенаға Шри-Ланкадағы террорлық шабуылдарда қаза тапқандар үшін көңіл айту тілектерін жеткізді.

1189384
Президент Ердоған Шри-Ланка президенті Майтрипала Сирисенамен телефонда сөйлесті

Президент Режеп Тайып Ердоған Шри-Ланка президенті Майтрипала Сирисенамен телефонда сөйлесті.

Ердоған Майтрипала Сирисенаға Шри-Ланкадағы террорлық шабуылдарда қаза тапқандар үшін көңіл айту тілектерін жеткізді.

Шри-Ланкада жексенбі күні христиандар үшін қасиетті Пасха рәсімі кезінде Кохчайкаде қаласындағы Қасиетті Антониус, Катанада Қасиетті Себестиан және Баттикалоадағы бір шіркеуге  және бас қала Коломбода бес жұлдызды Шангри-Ла, Синнамон Гранд және Кингсбери қонақүйлеріне бомбалы шабуылдар ұйымдастырылған болатын.

Осы шабуылдардың артынан Коломбо қаласының шет аймағы Дехивала қаласындағы зоологиялық бақ маңында және Коломбоның Дематагода қалашығындағы тұрғын үй кешенінде де жарылыс болған еді.

Соңғы мағлұматтарға қарағанда 359 адам қаза тауып, 500-ден астам адам жарақат алған бомбалы шабуылды террор ұйымы ДАИШ мойындады.

 



Ұқсас жаңалықтар