Президент Ердоған Анзак күніне орай бір үндеу жариялады

Президент Режеп Тайып Ердоған Чанаккале құрлық соғыстарының 104 жылдығына орай үндеу жариялады.

1189944
Президент Ердоған Анзак күніне орай бір үндеу жариялады
erdogan.jpg
erdogan.jpg

Президент Режеп Тайып Ердоған ортақ қайғыларды жаңа дұшпандықтар тауып алу үшін емес, достықтың, сүйіспеншіліктің, бейбітшіліктің құралына айналдыру тақырыбында ескеріп, Чанаккаленің бүкіл қоғамдарға үлгі болуын тіледі.

Чанаккале құрлық соғыстарының 104 жылдығында бұл топырақтарда отандары мен намысын қорған жүз мыңдаған әскер, шәйіт пен ардагерді Алланың рақымшылығымен еске алғанын атап көрсеткен Ердоған «Бүгін Чанаккале соғысында жанын пида қылған әр ұлттың әскерлерін еске аламыз. Ортақ қайғыларды жаңа дұшпандықтар ортаға шығару үшін емес, достықтың, сүйіспеншіліктің, бейбітшіліктің құралына айналдыру тақырыбында Чанаккаленің бүкіл қоғамдарға мысал болуын тілеймін. Анзак күніне орай еліміздегі қонақтар арқылы барлық әлемге шақыруымызды қайталаймыз» деді.

Үндеуінде «Республикамыздың құрушысы Гази Мұстафа Кемал Ататүріктің ұзақ елдерден балаларын соғысқа жіберген аналарға жазған 'Балаларыңыз біздің баурайымызда тыныш жатады' деген хатын еске салғым келеді. 'Олар біздің топырағымызда жанын пида қылған соң біздің де балаларымыз' деген Ататүріктің сөздеріне барымыз ие шығудамыз. Осында жаңа ұрпақтардың міндеті Чанаккаледе қанмен, тәнмен, қажымас қайратпен, батылдықпен тасқа, топыраққа теңізге жазылған достыққа ие шығу. Жаңа соғыстардың болмауы, болашақ ұрпақтардың бейбіт бір әлемде өмір сүруі үшін баршамызға үлкен жауапкершілік түседі. Чанаккале батырларымызды тағы бір рет құрметпен еске аламын. Іс-шаралар аясында елімізге келген қонақтарымыз бен азаматтарымызға шын жүректен алғысымды айтамын» деді.



Ұқсас жаңалықтар