Франциядағы түріктер қарсы шықты

Түрік қауымдастықтары Макронның жарлығына наразылық білдірді.

1188678
Франциядағы түріктер қарсы шықты

Франциядағы түрік қауымдастықтары президент Эммануэль Макронның 24 сәуір күнін армян қырғынын еске алу күні деп жариялаған жарлықты бекіткеніне наразылық білдірді.

Дін істері Түрік Ислам одағы, Халықаралық Демократтар одағы және Түркия Түрік федерациясы Эммануэль Макронның жарлығына байлынысты жазбаша мәлімдеме жариялады.

Мәлімдемеде «Франциядағы түрік қауымдастықтары секталық түсінікпен қозғалған қысымшыл топтардың халықтар арасындағы диалог және бейбітшілікке зиян келтіру үшін тарихты қолдануына қарсы шығады» деп айтылды.

Мәлімдемеде Францияда елу жылдан бері өмір сүріп келе жатқан түріктердің елдің мәдени,  экономикалық,  әлеуметтік және саяси тұрмысына үлес қосқаны атап көрсетілді.  «Франциядағы түрік қауымдастықтары 1915 жылғы оқиғаларды қырғын деп атауды орынсыз деп есептейді» деп айтылды.

Түріктер кейбір атақты тарихшылардың осы оқиғаларды қырғын деп атауға қарсы шыққанын де еске салды. Мәлімдемеде сондай-ақ «Франциядағы 800 мың түрік осы жікшілдікті қабылдамайды және бұған қарсы шығуын жалғастырады» деп айтылды.



Ұқсас жаңалықтар