"Франция бізге сабақ бере алмайды"

Ердоған "Баршаға мұрағаттарымыз ашық" деді.

1189074
"Франция бізге сабақ бере алмайды"

Президент Режеп Тайып Ердоған Алжир және Руандадағы қырғындарда жүз мыңдаған адамды қырған Францияның Түркияға сабақ бере алмайтынын айтты.

Президент Ердоған бас қала Анкарада Мемлекеттік мұрағат симпозиумында сөйлеген сөзінде қырғындар, геноцидтер,  жәбір-жапа және адамдыққа жатпайтын істердің барлығының артында бүгін Түркияға сабақ бергісі келетіндер жатқанын білдірді.

Ердоған: «25 жыл бұрын Руандада 800 мың адамды кімнің қырғаны белгілі және қылмыстылары – француздар.  Енді олар бізге сабақ беруге тырысуда.  Біз сіздің Алжирде,  Руандада істеген қырғындарыңды өте жақсы білеміз» деді.

Ердоған армян мәселесі және терроризммен күрес тақырыбында Түркияға адам құқықтары және демократия сабағын беруге тырысқандардың барлығының тарихында қан бар екенін тілге тиек етті.

Бүгінге дейін армян мәселесін ушықтырған ешбір топ пен мемлекеттің айыптауларын мұрағаттағы құжаттар арқылы дәлелдей алмағанын еске салған Ердоған былай деді: «Мақсаты ақиқатты ортаға шығару болатын баршаға мұрағаттарымыздың есігі әрқашан ашық. Біздің жасыратын нәрсеміз жоқ. Армяндар да мұрағаттарын ашсын»



Ұқсас жаңалықтар