Фахреттин Алтун Шри-Ланкадағы шабуылдарды айыптады

«Терроризмнің барлық түрлерімен күрескен бір ел ретінде Шри-Ланка халқының қайғы-қасіретін сеземіз»

1187521
Фахреттин Алтун Шри-Ланкадағы шабуылдарды айыптады

Президенттік аппараттың коммуникация басқармасы төрағасы профессор Фахреттин Алтун Шри-Ланкадағы шабуылдың барлық адамзатқа жасалған бір шабуыл екенін атап көрсетті.

Фахреттин Алтун твиттер арқылы жасаған мәлімдемесінде «Шри-Ланкада шіркеулерге қоса, көптеген жерде жазықсыз адамдарды нысанаға алған террор шабуылдарын қатаң түрде айыптаймын» деді.

Алтун «Терроризмнің барлық түрлерімен күрескен бір ел ретінде Шри-Ланка халқының қайғы-қасіретін сеземіз» деді.

Соңғы мағлұматтарға қарағанда Шри-Ланкада кеше (21.04.2019) қонақүй мен шіркеулерді нысанаға алған 8 бөлек бомбалы шабуылда 290 адам қаза тауып, 500-ден астам адам жарақат алған болатын.



Ұқсас жаңалықтар