Түркия Макронды қатал айыптады

Түркия ПКК-ның Сириядағы жалғасы ауыз жүзіндегі SDG делегациясымен кездескен Франция президенті Эммануэль Макронды қатал айыптады.

1186901
Түркия Макронды қатал айыптады

Түркия бөлшектеуші террористтік ұйым ПКК-ның Сириядағы жалғасы болып табылатын YPD/PYG  қорғауындағы ауыз жүзіндегі SDG (Сирия Демократиялық күштері) делегациясымен кездескен Франция президенті Эммануэль Макронды айыптады.

Сыртқы істер министрлігі ауыз жүзіндегі SDG (Сирия Демократиялық күштері) делегациясын Елизе сарайында күтіп алған Француз лидерге қатал тілмен ескерту жасады.

Сыртқы істер министрлігінің тақырыпқа байланысты мәлімдемесінде,

"Франция президенті Эммануэль Макронның бөлшектеуші террористтік ұйым ПКК-ның Сириядағы жалғасы болып табылатын YPD/PYG  қорғауындағы ауыз жүзіндегі SDG (Сирия Демократиялық күштері) делегациясын қабылдауын айыптаймыз" деп көрсетілді.

"Террористтік ұйымның жалғасына жасанды заңдылық беруге талпынған осы әрекет одақтастық қарым-қатынастарға үйлеспейтін ерекше қате бір қадам" екені атап өтілген мәлімдемеде,

"Сирияның саяси береке-бірлігін және территория тұтастығын нысанаға алған күн тәртіптің  ілгерлеуіне рұқсат етпеудің маңыздылығын және Түркияның ұлттық амандығын қамтамамыз ету үшін қажетті деп есептейтін шараларды жасаудан тартынбайтынын қайталай ескертеміз" деп көрсетілді.  



Ұқсас жаңалықтар