Ердоған мен Каборе ортақ баспасөз жиналысын өткізді

Ердоған Суданда армияның әкімшікті иелеп алуына байланысты, Ердоған "Ұлттық ымыраласу негізінде және бейбітшілік ішінде Суданның осы процестен өтуі басты тілілегіміз" деп көрсетті.

1181707
Ердоған мен Каборе ортақ баспасөз жиналысын өткізді

Президент Режеп Тайып Ердоған Суданда армияның әкімшікті иелеп алуына байланысты,

"Ұлттық ымыраласу негізінде және бейбітшілік ішінде Суданның осы процестен өтуі басты тілілегіміз" деп көрсетті

Президент Ердоған астана Анкараға ресми сапармен келген Буркина-Фасо президенті  Марк Кристиан Каборемен ортақ баспасөз мәслихатын ұйымдастырды.

Ердоған былай деді:

"Адамды, әділетті және ұйымшылдықты негіз еткен бір сыртқы саясаттың бақылаушысы ретінде Африкамен қарым-қатынастарымызға ерекше мән береміз".

"Африка елдеріне бағытталған шетке қағатын, асқақтаушы және араласушы тұғырларды құнсыз деп қараймыз" деген Ердоған "Африкалық достарымыз өз мәселелеріне өз құндылықтары, сезімталдықтары және жандылықтары аясында шешім табатын қабілетке ие" деп көрсетті.

Ердоған Суданда армияның әкімшілікті билеп алуына байланысты сұраққа орай, 

"Әлем ғажап болып барады. Төңкеріске қарсымыз дегендердің төңкерісшілдермен қоян-қолтық жақын болғанын көрудеміз. Ұлттық ымыраласу негізінде және бейбітшілік ішінде Суданның осы процестен өтуі басты тілілегіміз" деп жауап берді.

Ердоған,

"Судан біздің тарихи байланыстарымыз бар ел. Осы текті байланыстарды жалғастыруды қалаймыз. Сабырлылықпен, туысқандық сезіммен Судан осы жағдайдан құтылуы керек және қалыпты демократиялық процесті жұмысқа қосатынына сенемін" деп көрсетті.

Буркина-Фасо президенті  Марк Кристиан Каборе де сөзінде,

"Түркияға соқтыққандарды Буркина-Фасоға, Буркина-Фасоға соқтыққандарды да Түркияға соқтықты деп қабылдаймыз" деді.



Ұқсас жаңалықтар